Тоқаев Қатардың вице-премьерімен кездесті
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Таниды қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.
Кездесуде қазақ-қатар қарым-қатынастарын дамыту перспективалары талқыланған.
Сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, соның ішінде экономиканың негізгі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылған.
Сонымен қатар президент пен Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды қарастырып, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқан.
Кездесу барысында мемлекет басшысы қыркүйек айында Эр-Риядта өтетін Орталық Азия және Парсы шығанағы елдері сыртқы істер ведомстволары басшыларының диалог алаңының бірінші отырысын құптайтынын жеткізді.
Ал Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қатар әмірінің сәлемін жеткізіп, оның жуық арада Қазақстанға келетінін растады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985486-tayau-arada-qatar-amiri-qazaqstanga-kelmek/