Түркістан облысының әкімі болуға тағы кімнің кандидатурасы ұсынылған

Опубликовано:

Ұласбек Сәдібеков
Ұласбек Сәдібеков. Фото: primeminister.kz

Түркістан облысының әкімі лауазымына мемлекет басшысы екі кандидатураны ұсынған. Олардың бірі - Ұласбек Сәдібеков, бірі Дархан Сатыбалды. Бұл туралы үкіметтің ресми Telegram-арнасында жариялаған хабарламадан белгілі болды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүгін премьер-министр Әлихан Смайылов пен Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Түркістан қаласына келіп, Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты.

Жиында Әлихан Смайылов депутаттарға президенттің Түркістан облысының әкімі қызметіне Ұласбек Сәдібеков пен Дархан Сатыбалдының кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 286 депутаттың 200-і Дархан Сатыбалдының кандидатурасына дауыс берсе, 86 депутат Ұласбек Сәдібековті таңдаған.

Осылайша, Дархан Сатыбалды Түркістан облысының жаңа әкімі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985489-turkistan-oblysynyn-akimi-boluga-tagy-kimnin-kandidaturasy-usynylgan/