Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысының әкімі лауазымына Асхат Шахаровтың кандидатурасы ұсынылған

Опубликовано:

Асхат Шахаров
Асхат Шахаров. Фото: Telegram/Ukimet

Ақтөбе облысының әкімі лауазымына Ақтөбе қаласының басшысы Асхат Шахаров та үміткер болды. Алайда Ералы Тоғжановқа 100-ден астам депутат дауыс берген. Бұл туралы премьер-министрдің ресми Telegram-каналы хабарлады.

Бүгін мемлекет басшысының тапсырмасымен премьер-министр Әлихан Смайылов пен Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Ақтөбе облысына келіп, Ақтөбе облысының барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының отырысына қатысқан.

Ақтөбе облысы
Фото: Telegram/Ukimet

"Үкімет басшысы депутаттарға президенттің облыс әкімі лауазымына екі кандидатты – Ералы Тоғжанов пен Асхат Шахаровты қарауға ұсыну туралы хатын оқыды. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша. 160 депутаттың 104-і Тоғжановтың кандидатурасына, 56-сы Шахаровқа дауыс берді" - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалғанын хабарлағанбыз. Тоғжанов бұған дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985549-aqtobe-oblysynyn-akimi-lauazymyna-asxat-saxarovtyn-kandidaturasy-usynylgan/

pixel