Тоқаев бүгін Қазақстан халқына Жолдау жасайды
Опубликовано:

Бүгін елорда уақытымен сағат 11:00-де Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдау жасайды.
Жолдауды президенттің www.akorda.kz ресми сайтынан және Facebook желісіндегі Akorda парақшасынан тікелей эфирде көруге болады.
Бұған дейін мемлекет басшысының баспасөз қызметі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйекте парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайтынын хабарлаған болатын.
Оның негізгі бөлігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.
Айта кетейік, өткен жолы мемлекет басшысы биылғы 16 наурызда халыққа Жолдауын жариялаған еді. Сол күні президент елде жаңа облыстардың құрылуын жариялады, суперпрезиденттік басқару формасынан алыстауды ұсынды, сондай-ақ ол ел президентіне, атқарушы және заң шығарушы билік тармақтарына қатысты басқа да реформалар туралы баяндады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985632-toqaev-bugin-qazaqstan-xalqyna-zoldau-zasaidy/