Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент бағаны әкімшілік реттеуді кезең-кезеңімен алып тастауды ұсынды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бағаны әкімшілік реттеуді, баға белгілеуге мемлекеттің араласуын кезең-кезеңімен алып тастау қажеттігін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бірінші. Бағаны әкімшілік реттеу бүкіл салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді, тауар тапшылығына және импортқа тәуелділікке әкеледі. Сондықтан баға белгілеуге мемлекеттің араласуын кезең-кезеңімен алып тастау қажет.

Бәсекеге қабілетті емес нарықтарды есептемегенде, монополистердің тарифтері қатаң бақылауда қалады. Бірақ бақылау қысым дегенді білдірмейді", – деп атап өтті президент.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасауда. Парламент палаталарының бірлескен отырысына ресми тұлғалармен қатар азаматтық қоғам өкілдері де қатысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985673-prezident-bagany-akimsilik-retteudi-kezen-kezenimen-alyp-tastaudy-usyndy/

pixel