Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Қандастардың көшіп келуіне қатысты саясат түбегейлі өзгереді

Опубликовано:

Төлқұжат
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгеретінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда, демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек.

Сондай-ақ, жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды.

Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек. Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет.

Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады", – деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985690-toqaev-qandastardyn-kosip-keluine-qatysty-sayasat-tubegeili-ozgeredi/

pixel