Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

Опубликовано:

Telegram/ Борт N1
Фото: Тоқаев пен Қыдырәлі

Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады, деп хабарлайды Борт N1 Telegram арнасы.

Дархан Қыдырәлі Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық Монғолияның Арханғай аймағы, Номғон жазығындағы ғылыми археологиялық экспедиция жұмыстарының нәтижесінде табылған Құтлық Елтеріс қағанға арналған кешен мен жазулар туралы баяндады.

Түркі академиясының президенті бұл жазу тарихымызды, адамзат өркениетіне қосқан үлесімізді 50 жылға ілгерілететінін атап өтті. Сондай-ақ Құтлық қағанның тұсында салынған салтанатты кешеннен таңбалар, түрлі артефактілер де табылған.

Кездесуде Түркі академиясының атқарып жатқан өзге жұмыстарымен қатар шығарған оқулықтары туралы да айтылды. Дархан Қыдырәлі мемлекет басшысына халықаралық академиядағы жұмысының аяқталып жатқанын жеткізді.

Қазақстан президенті Моңғолияда жүргізген ғылыми археологиялық экспедицияның нәтижелеріне және Түркі академиясының жалпы жұмысына жоғары баға берді.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985923-memleket-bassysy-turki-akademiyasynyn-prezidenti-darxan-qydyralini-qabyldady/

pixel