Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

Опубликовано:

Алтай Досымбаев
Алтай Досымбаев. Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысының әкімінің өкімімен Алтай Досымбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің ресми сайты.

"Менің өкіміммен, Президент әкімшілігінің келісімімен және Еңбекшіқазақ аудандық маслихатының шешімімен Алтай Мәшікұлы Досымбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды. Алтай Мәшікұлы мол тәжірбиелі адам, оның үстіне аудан тіршілігімен етене таныс",- дейді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Досымбаев Алтай Мәшікұлы 1962 жылы 10 ақпанда Алматы облысы Шелек ауданы Қаратұрық ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1988 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын - экономист мамандығы бойынша оқып бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы Алматы облысы Шелек ауданы Қаратұрық ауылында жұмысшы болып бастаған. 1980-1982 жылдары Кеңес одағы армиясында әскери борышын өтеген.

1982-1983 жылдары Алматы облысы, Шелек ауданы А. Саттаров атындағы совхозында жұмысшы. 1988-1992 жылдары Алматы облысы, Шелек ауданы, "Асы" темекі совхозында экономист, бас экономист, кәсіподақ комитетінің төрағасы.

1992-1995 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы "Алексеевский" асыл тұқымды құс совхозы директорының орынбасары.

1997-1999 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы "Алексеевка" "Алтын диірмен" ЖШС асыл тұқымды құс фабрикасы директорының орынбасары, директорының міндетін атқарушы.

1999-2002 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық экономика бөлімінің бастығы. 2002-2003 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы "НАСС" ЖШС қаржы саласы директоры. 2003-2005 жылдары "Ақжол" ЖШС директорының орынбасары. 2005-2008 жылдары Шелек ауылдық округінің әкімі.

2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1985997-almaty-oblysy-enbeksiqazaq-audanynyn-akimi-tagaiyndaldy/

pixel