Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа министр Дархан Қыдырәлі ант берді

Опубликовано:

Дархан Қыдырәлі ант беріп тұр
Дархан Қыдырәлі. Видеодан кадр: YouTube/pmkz

Кеше ғана тағайындалған жаңа Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі бүгін Үкімет отырысында өзінің барлық күш-жігері мен білімін Қазақстанның экономикалық және рухани дамуына жұмсауға ант берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дархан Қыдырәлі кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалған болатын. Ол бұған дейін ақпарат министрі болған Асқар Омаровтың орнына келді. Осыған орай бүгін Үкімет отырысында ол министрлер кабинетінің мүшесі ретінде ант берді

"Қазақстан Республикасының халқы мен президентінің алдында өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани дамуы үшін барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін. Ант етемін", – деп ант берді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1986013-zana-ministr-darxan-qydyrali-ant-berdi/

pixel