Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржан Құдайбергенов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Нұржан Құдайбергенов
Нұржан Құдайбергенов. Фото: gov.kz

Алматы облысы әкімінің өкімімен, Президент әкімшілігінің келісімімен Нұржан Кеңесұлы Құдайбергенов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің ресми сайты.

Нұржан Кеңесұлы 1963 жылы туған, білімі жоғары.

1986 жылы Алматы архитектура - құрылыс институтын "Архитектор" мамандығы бойынша, 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "Экономика және бизнес" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Қазақстанның фосфор өндірісі ғылыми - зерттеу институтында инженер болып бастаған.

Әр жылдары "Алматы бас жоспар" мемлекеттік жобалау институтының сәулетшісі, "Сәулет" шағын сәулет-өндірістік кәсіпорынының сәулетшісі, "ГеоСәулет" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының инженер-сәулетшісі, Іле ауданы әкімі аппаратының бас маманы - бас сәулетшісі, Іле ауданы қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы, Текелі қаласының, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.

2019 жылдың қыркүйек айынан Райымбек ауданының әкімі лауазымында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1986164-nurzan-qudaibergenov-almaty-oblysy-akiminin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel