Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дулат Нұрмолдин Ақмола облысының мемлекеттік кірістер департаментін басқаратын болды

Опубликовано:

Дулат Нұрмолдин/ ҚР ҚМ МКК
Фото: Дулат Нұрмолдин/ ҚР ҚМ МКК

Ақмола облысының мемлекеттік кірістер департаментіне Дулат Нұрмолдин басшы болып тағайындалды. Бұл жайында Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2022 жылдың 5 қыркүйегінде Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Абзал Бейсенбекұлы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына Дулат Нұрмолдинді таныстырды.

Дулат Нұрахметұлы 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мәскеу ауданы Заградовка ауылында дүниеге келген.

Білімі бойынша – инженер-гидротехник, экономист, заңгер, қаржыгер. Омбы мемлекеттік ауылшаруашылық институтын, Мәскеудегі Заманауи гуманитарлық институтын және Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы салық инспекторы болып бастаған.

1999-2008 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық органдарында түрлі қызметтерді атқарған.

2008-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің басшысы болды.

2010-2014 жылдары Ақмола облысы бойынша Салық департаментін басқарды.

2014-2015 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2015-2019 жылдары Ақмола облысы мәслихатының хатшысы болды.

2019 жылдың мамыр айынан бастап Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1986386-dulat-nurmoldin-aqmola-oblysynyn-memlekettik-kirister-departamentine-bassy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel