Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевпен кездескен "АрселорМиттал" басшысы Қазақстанға 1 млрд доллар инвестиция құятынын жеткізді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Лакшми Миттал
Қасым-Жомарт Тоқаев және Лакшми Миттал. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал" компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады. Кездесуде компанияның Қазақстандағы қызметінің өзекті мәселелері мен алдағы уақытқа арналған жоспары талқыланды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде сондай-ақ өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарға әділ еңбекақы төлеу, әлеуметтік міндеттемелерді орындау және материалдық-техникалық базаны жаңғырту мәселелері әңгіменің арқауына айналған.

Мемлекет басшысы компанияның аталған талаптар мен міндеттемелерді орындауы аса маңызды екенін айтқан.

Сонымен қатар президент ішкі нарықтың қажеттілігін "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының өнімдерімен өтеу мәселесіне мән берген.

Бұдан бөлек, компанияның парниктік газ шығарындыларын азайту шараларына да назар аударылды.

Лакшми Миттал Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуық арада "АрселорМиттал" компаниясы Қазақстанға 1 млрд доллар көлемінде инвестиция құятынын, оның басым бөлігі өндірісті жаңғыртуға бағытталатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1986459-toqaevpen-kezdesken-arselormittal-bassysy-qazaqstanga-1-mlrd-dollar-investiciya-quyatynyn-zetkizdi/

pixel