Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қоғамдық кеңесінің төрағасы сайланды

Опубликовано:

тағайындау
Марат Бәшімов. Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысында кеңес төрағасы қайта сайланды. Бұл қызметке Марат Бәшімов келді, деп хабарлайды Агенттіктің Telegram-каналы.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті "Егемен Қазақстан” республикалық газеті" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі атқарып, басқа лауазымға тағайындалуына байланысты өкілеттігін тоқтатқан болатын.

Сонымен қатар, Марат Бәшімов кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы және Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы пдам құқықтары жөніндегі комиссияның сараптамалық кеңесі төрағасының орынбасары болып табылады.

"Өз кезегінде Қоғамдық кеңестің жаңадан тағайындалған төрағасы әріптестеріне сенім білдіргені үшін алғысын жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін хабарлады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1986539-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-qyzmettin-qogamdyq-kenesinin-toragasy-sailandy/

pixel