Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділет министрлігі Конституциялық соттың қалай жұмыс жасайтынын түсіндірді

Опубликовано:

Сот12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Парламент мәжілісі пленарлы отырыста "Қазақстан республикасының Конституциялық соты туралы" Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжатты Әділет министрі Қанат Мусин таныстырған. Оның айтуынша, заң жобасының бірнеше мақсаты бар.

  • Конституциялық кеңесті Конституциялық сотқа айналдыруға қатысты өзгерістерді жүзеге асыру
  • Мемлекеттің адам құқығын қорғайтын институттарын нығайту
  • Негізгі заң нормаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету
  • Азаматтардың конституциялық заңға қолжетімділігін кеңейту

Әділет министрінің айтуынша, Конституциялық сот биліктің сот тармағына жатпайды.

"Конституциялық сот еліміздің бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болады. Ал Конституциялық соттың судьялары мәртебесі Конституциямен айқындалатын жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар болады", - деді Қанат Мусин.

Заң жобасы Конституциялық сот судьяларын тағайындау және олардың өкілеттіктерін тоқтату тәртібіне қатысты мәселелерді егжей-тегжейлі реттейді. Олардың тәуелсіздігі мен кепілдіктері бекітілді. Оларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету нормалары енгізілуде.

Мусиннің айтуынша, конституциялық сотқа өтініш беру тәртібі бес кезеңнен тұрады.

  • Конституциялық сот аппарытының өтініштерді алдын ала қарауы
  • Конституциялық іс жүргізуге жүгінуді қабылдау
  • Конституциялық сот отырысына құжаттарды дайындау
  • Конституциялық сот отырысын өткізу
  • Шешім қабылдау

Сондай-ақ заң жобасында Конституциялық сот шешімдерін орындау тетіктері қамтылған.

Әзірлеуші ​​Конституциялық заң жобасының қабылдануы құқықтық жүйенің дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және елдегі заңдылықтың сақталуына кепілдіктерді нығайтуға ықпал етеді деп есептейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1986552-adilet-ministrligi-konstituciyalyq-sottyn-qalai-zumys-zasaitynyn-tusindirdi/

pixel