Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кезектен тыс президент сайлауына 20 млрд теңге шамасында қаражат жұмсалуы мүмкін

Опубликовано:

Референдум өткізу
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжілістегі БАҚ өкілдеріне арналған алаңда Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева алдағы уақытта кезектен тыс президент сайлауы белгіленcе, оны өткізуге қанша қаражат жұмсалуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Татьяна Савельева бұған дейін президент сайлауы 2024 жылы өткізу жоспарланғанын, тиісінше, 2024 жылдың бюджетіне қаражат енгізілгенін айтты.

"Енгізілген өзгерістер мен жаңа тапсырмаларды ескере отырып, биыл президент сайлауына үкімет резервінен қаражат бөлінеді. Қазір ОСК 20 миллиард теңгеге жуық қаражат кететінін есептеп отыр", - деді ол.

Қаржы вице-министрі парламент сайлауын өткізу үшін тағы 25 миллиард теңге қажет екенін айтты.

"Президент және парламент сайлауына барлығы шамамен 45 миллиард теңге жұмсалады", - деп түйіндеді сөзін Татьяна Савельева.

Сондай-ақ, спикер сайлауға кететін шығындардың өсуін ең төменгі жалақыны көтерумен түсіндірді.

"Сайлауға байланысты барлық шығындардың 90 пайызға жуығы сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысына жұмсалады. Өткен сайлауға 65 мың адам қатысты. Биыл олардың саны 70 мыңнан асады. Олардың жалақысы ең төменгі жалақыны есепке ала отырып есептеліп отыр.

Олардың жалақысын есептеу ең төменгі жалақыға негізделеді. 2019 жылы сайлау өткізгенде 42 500 болса, биыл 60 000 теңге болды. Парламент сайлауына да шамамен осыншама шығын қарастырылған, бірақ келесі жылы ең төменгі жалақы 70 мың теңге болатынын ескерсек, бұл шамамен 25 миллиард теңгені құрайды", - деп түсіндірді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1986814-kezekten-tys-prezident-sailauyna-20-mlrd-tenge-samasynda-qarazat-zumsaluy-mumkin/

pixel