Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мырзағалиев Тоқаевқа жанар-жағармай нарығын тұрақтандыруға бағытталған шаралар туралы айтты

Опубликовано:

Жанармай
Көрнекі фото: Pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысының жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралары туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Ақорда.

Компания басшысының мәліметіне сәйкес, биыл Қазақстанда 17 миллион тонна мұнай өнімдері өндіріледі. Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл – рекордтық көрсеткіш.

Сондай-ақ, Шымкент және Атырау мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарын кейінге шегеру жөнінде шешім қабылданды. Бұл ішкі нарықты қосымша 150 мың тоннаға дейін дизель отынымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Одан бөлек "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы 100 мың тоннаға дейін дизель отынын импорттайды.

Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаздың" мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларының жүзеге асырылуы жөнінде баяндаған. Қазіргі уақытта Атырау облысындағы полипропилен өндіретін зауытты іске қосу жұмыстары аяқталды. Кәсіпорын бір айдың ішінде іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек президентке полиэтилен және бутадиен өндірісіне қатысты жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы да айтылған.

Мемлекет басшысына Каспий құбыр желісі консорциумының теңіз терминалындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді. Мұнай танкерлерге тұрақты түрде құйылып, кестеге сәйкес жөнелтіліп жатыр.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1986842-myrzagaliev-toqaevqa-zanar-zagarmai-narygyn-turaqtandyruga-bagyttalgan-saralar-turaly-aitty/

pixel