Президент Тоқтар Әубәкіровті қабылдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшесі Тоқтар Әубәкіровпен кездесті, деп хабарлайды Борт N1 Telegram арнасы.
Халық қаһарманы қоғамдық мәселелерге, соның ішінде ғылым саласына қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Кездесуде Тоқтар Әубәкіров президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген тақырыптар мен елдегі реформалар жөнінде пікірін айтып, өз қолдауын білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987036-prezident-toqtar-aubakirovti-qabyldady/