Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Чарльздің таққа отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Тоқаев1
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің таққа отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Борт N1 Telegram арнасы.

"Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, қарқынды саяси диалогқа, өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген берік стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Түрлі салалардағы, оның ішінде халықаралық аренадағы жан-жақты ынтымақтастығымыз достас халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая беретініне кәміл сенімдімін", - деп жазылған жеделхатта.

Құттықтау соңында Президент Корольдің барлық игі бастамаларына толағай табыс, ал король отбасы мүшелері мен британдықтарға бақ-береке тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987274-memleket-bassysy-qasym-zomart-toqaev-iii-carlzdin-taqqa-otyruyna-bailanysty-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/

pixel