Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары несімен ерекшеленбек: Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді

Опубликовано:

Си Цзиньпин
Си Цзиньпин. Фото: Lintao Zhang/Getty Images

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Қытай Халық Республикасы төрағасының Қазақстанға сапарының ерекшелігі туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің сапарының бірегейлігі – оның әлемде коронавирус індетінен кейін бірінші Қазақстанға баруы. Бұл Қазақстан үшін үлкен мәртебе", - деді Смадияров.

Спикер сапардың жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді. Ол сондай-ақ сапар аясында ҚХР басшысының Қазақстан президентімен кездесуі жоспарланғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, сәрсенбі, 14 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстан астанасына мемлекеттік сапармен келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987361-si-czinpinnin-qazaqstanga-sapary-nesimen-erekselenbek-syrtqy-ister-ministrligi-pikir-bildirdi/

pixel