Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Си Цзиньпин: Қазақстанға осы сапарымнан үлкен үміт күтемін

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин
Фото: akorda.kz

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы туралы "Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының дәстүрін жалғастырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашыңыз" атты мақала жазды. Мақаланы "Казахстанская правда" газеті жариялады.

Қытай Халық Республикасының төрағасы жақын арада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға" келетінін еске салды.

"Мен араға 5 жыл салып, төртінші рет кең байтақ даласымен, асқақ таулары мен өзендерімен, өте қонақжай халқымен танылған елге келмекпін. Алдағы сапардан үлкен үміт күтемін.

Қытай мен Қазақстанды ортақ таулар мен өзендер байланыстырады. Біз тату көрші, шынайы дос және сенімді серіктеспіз. Мыңдаған жылдар бойы достық қарым-қатынасын үзбеген екі ел халқы Ұлы Жібек жолы дәуірінің куәсі болған", - деді Қытай төрағасы.

Сондай-ақ ол биыл Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті. Оның айтуынша, осы уақыт аралығында Қазақстан мен Қытай өзара қолдау қолдау мен көмек көрсету қағидасынан ешқашан тайған емес. Бұл қатар өмір сүре отырып, тату көршілік қарым-қатынасты дамытудың лайықты үлгісі.

"30 жыл – Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының серпінді даму кезеңі. Татулық пен достықтан стратегиялық әріптестікке, мәңгілік деуге тұрарлық жан-жақты стратегиялық серіктестікке ұласқан екіжақты қарым-қатынасымыз тарихи серпіліс жасап, сапалы, жаңа, қайталанбас коннотацияларға ие болуда. Бұл өзара сыйластыққа, көршілес елдер арасындағы татулыққа негізделген жаңа үлгідегі мемлекетаралық қатынас. Яғни достық, өзара көмек және табыс.

Қазақта "Достық – таусылмас байлық" деген мақал бар. Егер біз тату көршілік байланысымыз бен достық қағидаттарымызды берік ұстанып, көп қырлы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдететін болсақ, онда Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасының тағы 30 жылдығын тойлайтынына сенімдімін", - деп жазбасын түйіндеді Си Цзиньпин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987455-si-czinpin-qazaqstandagy-osy-saparymnan-ulken-umit-kutemin/

pixel