"Ресми растауын күтіп отырмыз": Сыртқы істер министрлігі Путиннің сапары туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі кезінде БАҚ өкілдерінің Владимир Путиннің Қазақстанға сапарына қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер Сыртқы істер министріне: "Ресей федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанға келетін болды ма?", - деген сұрақ қойды.

"Ресей Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне қатысу үшін Қазақстанға келеді. Сонымен қатар Тәуелсіз мемлекеттер достастығы президенттерінің кеңесін өткізу жоспарланып отыр. Біз Ресей президенті қатысады деп күтеміз. Ол қазан айының ортасында болады. Ресми растауын күтіп отырмыз", - деді Мұхтар Тілеуберді.

Оның сөзінше, мемлекет басшысының әрбір сапарында екіжақты кездесу өткізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987723-resmi-rastauyn-kutip-otyrmyz-syrtqy-ister-ministrligi-putinnin-sapary-turaly-pikir-bildirdi/