Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серікәли Мұқатаев Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Серікәлі Мұқатаев
Серікәлі Мұқатаев. Фото: Рrimeminister.kz

Үкімет қаулысымен Мұқатаев Серікәли Мұхаметкәрімұлы Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серікәли Мұқатаев 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Сарқан қаласының №55 жылжымалы механикаландырылған колоннаның шебері болып бастады, онда 1997 жылға дейін әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

1997 – 2000 жылдары жеке ұйымда жұмыс істеген.

2000–2003 жылдары Сарқан аудандық әкімдігінің мәдениет бөлімінің бас маманы.

2003 жылы Сарқан ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы болды.

2005 – 2010 жылдары Сарқан ауданы әкімі аппараты құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы.

2010 – 2020 жылдары АШМ Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш – Алакөл бассейндік инспекциясында басшылық қызметтерді атқарды.

2020 жылғы наурыз-сәуірде ЭГТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылғы сәуір-шілде аралығында ЭГТРМ Су ресурстары комитеті "Қазсушар" РМК-ның "Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы" филиалы директорының орынбасары.

2020 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ЭГТРМ Су ресурстары комитеті "Қазсушар" РМК-ның "Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы" филиалының директоры болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1987794-serikali-muqataev-ekologiya-geologiya-zane-tabigi-resurstar-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel