Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сөзіңізден кейін домбыраға деген қызығушылық артады деп ойлаймын": Тоқаев Рим Папасына алғысын айтты

Опубликовано:

Рим папасы мен Тоқаев
Фото: Ақорда

Рим Папасы Францисктің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Ақорда.

"Біздің мәдениетіміз туралы жылы лебіздеріңіз үшін, әсіресе домбыра туралы пікіріңіз үшін қазақ халқы сізге ризашылығын білдіреді.

Қазір бүкіл басылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары сіздің сөзіңізді жазып жатыр.

Барлығы Рим Папасы қазақ мәдениетінің, соның ішінде біздің ұлттық аспабымыз - домбыраның ең үздік насихатшысы деп айтып жүр.

Қазір бұл жастар мен балалар арасында өте танымал.

Сіздің сөздеріңізден кейін домбыраға деген қызығушылық тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де арта түседі деп ойлаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының Рим Папасы Францискті елорда әуежайынан шығарып салғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988020-sozinizden-keiin-dombyraga-degen-qyzygusylyq-artady-dep-oilaimyn-toqaev-rim-papasyna-algysyn-aitty/

pixel