Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның "ҰҚШҰ-дан шығатыны" туралы желідегі ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

ҰҚШҰ
Фото: odkb-csto.org

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 2023 жылдың басында Қазақстан ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатып қоюды жоспарлап отырғаны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Stopfake.

"Біздің ақпаратымыз бойынша, шешім қабылданды және 1 қаңтарға дейін ұйымға мүше барлық елдерге хабарланады", - делінген желідегі ақпаратта.

Басылымға Сыртқы істер министрлігі пікір білдіріп, бұл ақпаратты жоққа шығарған.

"Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығуы туралы жекелеген әлеуметтік желілерде тараған ақпарат – фейк және шындыққа жанаспайды. Қазақстан ҰҚШҰ құрылғалы оған мүше, осы ұйымның белсенді қатысушысы болып табылады. ҰҚШҰ-ға мүше болу еліміздің ұлттық мүдделеріне толық сай келеді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартта оған қатысушы мемлекеттер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге заңды түрде міндеттейтін кепілдіктер көзделген. Бұдан басқа, ҰҚШҰ шеңберінде халықаралық терроризмге, заңсыз көші-қонға, есірткінің заңсыз айналымына, трансшекаралық қылмыстылыққа, ақпараттық саладағы қатерлерге бірлесіп қарсы іс-қимыл жасау дағдылары пысықталады. Яғни, ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыты болып табылады, еліміздің ҰҚШҰ-ға қатысуы Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық құжаттарында қарастырылған. Жалпы Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығу мүмкіндігін қарастырып жатқан жоқ",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988031-syrtqy-ister-ministrligi-qazaqstannyn-uqsu-dan-sygatyny-turaly-zelide-taragan-aqparatqa-pikir-bildirdi/

pixel