Тоқаев Самарқандтағы шығыс базарын аралады (фото, видео)
Опубликовано:

Самарқандтағы "Мәңгілік қала" кешенінде Қазақстан президенті көрмелер мен шығыс базарын аралады, деп хабарлайды bort_01Telegram-арнасы.
"Мемлекет басшысы Самарқандтағы "Мәңгілік қала" кешеніне барып, көрмелер мен шығыс базарын тамашалады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына барды.
Мемлекет басшысы Самарқанд әуежайында Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Абдолла Арипов күтіп алды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1988088-toqaev-samarqandtagy-sygys-bazaryn-aralady-foto-video/