Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі автоорталық ашылды

Опубликовано:

Mycar Almaty
Фото: Mycar Almaty

Алматыда Қазақстан мен Орталық Азияда ең ірі, теңдесі жоқ Mycar Almaty автоорталығы ашылды. Жаңадан салынған алпауыт автоорталық еліміздің автокөлік нарығына жаңа леп, елеулі өзгеріс әкелуге дайын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Биыл ғана көпшілікке есігін айқара ашқан Mycar Almaty - көліксүйер әр қазақстандықтың арманындағы автоорталық. Оны өзге автоорталықтардан ерекше деп атауға бірнеше себеп бар.

Бұл туралы автоорталықтың ресми ашылу салтанатында сөз алған Mycar.kz атқарушы директоры Игорь Ли айтып берді. Компания басшылығының сөзінше, бұл – еліміздегі қолданылған көліктерді сату-сатып алуда айтарлықтай өзгеріс алып келетін бірегей жоба.

Игорь Ли
Фото: Mycar Almaty
"Мақсатымыз - қолданылған көлік сатып алушылары үшін бұл істі қауіпсіз етіп, көліктің заңдық жағынан дұрыс рәсімделуі мен оның техникалық тұрғыдан ақауы жоқ екеніне көз жеткізу. Ал көлігін сатқысы келетіндер үшін бұл процесті екі тарапқа да түсінікті, ашық және тиімді етуді қалаймыз. Сонымен қатар біз "бір терезе" қағидаты бойынша барлық қызметті, соның ішінде автокөлікті несиелеуді, сақтандыру өнімдерін тиімді шарттармен ұсыну қызметін көрсеткіміз келеді. Сондықтан біз Mycar.kz экожүйесін дамытып, Mycar автоорталығын салудамыз", - дейді Игорь Ли.

Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын Астана қаласында Mycar автоорталығы ашылған болатын. Қазірдің өзінде елордадағы автоорталықтан айына 300 адам өзінің арманындағы көлігіне қол жеткізеді.

Осы жетістіктен шабыт алған компания басшылығы Алматыдан да әлемде баламасы жоқ үлкен автоорталық ашуға бел буған.

Жоба 2021 жылы мамыр айында бастау алып, автоорталық құрылысы небәрі 12 айда аяқталған.

Mycar Almaty
Фото: Mycar Almaty

Аумағы 110 мың шаршы метрден астам жерді алып жатқан Mycar Almaty автоорталығының құрылысына шамамен 15 мың куб бетон, 200 км сым желісі, 1 млн сағат адам еңбегі жұмсалған.

Ал авторталық ғимаратының ауданы 30 000 шаршы метр. Бұл аумаққа 22 футбол алаңы сыйып кетеді. Автоорталықтың ішінде 750 көлік қойылса, сыртында 800 көлікке орын бар.

Автоорталықтың басқалардан ерекше тұсы – мұнда қолданылған автокөліктермен қатар танымал автокөлік брендтері ұсынған су жаңа көліктер табуға болады. Оның ішінде Hyuindai, BMW, Chery, Haval және Changan көліктері бар. Аталған брендтің бутиктері арнайы талаптарға сай дизайнмен жасалған.

автосервис
Фото: Mycar Almaty

Mycar Almaty автоорталығы тағы қандай қызмет көрсетеді

Компания басшылығының сөзінше, мұнда келушілерге Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, банк бөлімшелері мен мейрамхана, сонымен бірге балалар ойын алаңы қызмет көрсетеді.

Жобаның жалпы құны 21 млрд теңгені құраған. Оның көп бөлігі инвестор-құрылтайшылар есебінен бөлінсе, қалғаны "Қазақстан Халық банкі" АҚ-нің нарық шарттарына сай несиелендіруімен қаржыландырылған.

Осылайша Mycar Almaty Mусar.kz-тің экожүйесі қатарына енді.

Mycar.kz – бұл мықты қаржы технологиясы ретінде де елге танылып үлгерді.

Бастапқыда жоба көлік сатып алуды немесе сатқысы келетіндерге арналған хабарландыру тақтасы ретінде іске қосылған. Ал қазір көлік әуесқойларына қажеттінің барлығын қамтитын супер қолданба. Оның хабарландырудан іздеу жүйесі ерекше. Сонымен қатар, бірнеше рет басу арқылы кез келген адам өз хабарландыруын қоя алады. Mycar.kz жаңа көліктердің де сатылым алаңы.

Айта кетер жайт, мамыр айында Mycar.kz Қазақстанда бірінші болып онлайн дилерлікті қолға алды.

"Үйіңізде немесе кеңседе отырып, өзіңізге ұнайтын көлікті таңдап, тапсырыс бере аласыз және ол сізге жақын арада жеткізіледі. Қазіргі уақытта бұл функция Алматыдағы Cherry көліктеріне қолжетімді", - дейді компания өкілдері.

Одан бөлек, егер көлік сатып алғысы келген адам қаржы қажеттілігі туындаған жағдайда Mycar Finance өнімін пайдалана алады. Аз ғана құжат арқылы, несие мақұлду арқылы да аз. Төлем жүйесі де ыңғайлы.

Айта кетейік, Mycar Finance еліміздегі автонесие провайдерлері арасында жетекші орында.

Компания жылдар бойы жинаған тәжірибесін франшиза арқылы бөлісуде. Жақын арада Орал және Ақтау қалаларында жаңа автоорталықтар ашылады деп күтілуде.

Ал келесі жылы Шымкент қаласында да Mycar автоорталығының ғимараты бой көтермек. Орталық аумағы 20 мың шаршы метрді құрауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989052-almatyda-ortalyq-aziyadagy-en-iri-avtoortalyq-asyldy/

pixel