Сыртқы істер министрлігі ЛХР мен ДХР-дағы референдумға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Дауыс беру туралы сурет
Дауыс беру. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өз-өзін жариялаған ЛХР мен ДХР, сондай-ақ, Запорожье және Херсон облыстарындағы референдумға қатысты ресми пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Украина жеріндегі референдумға қатысты Қазақстанның ұстанымын жариялады.

"ЛХР мен ДХР деп өзін-өзі жариялаған мемлекеттердің және Запорожье мен Херсон облыстарының әскери әкімшіліктерінің Ресейге қосылу туралы референдумдар өткізуіне келетін болсақ, Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын негізге алады.

Президентіміз бірнеше рет, оның ішінде БҰҰ мінберінен жақында ғана сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның Жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығы туралы мәлімдеді.

Жарғыда БҰҰ-ға мүше елдердің бейбітшілік пен мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау жауапкершілігі туралы айтылады.

Бұл ретте еліміз тұрақтылықты өңірлік әрі жаһандық деңгейде сақтауды аса маңызды міндет санайды", - дейді Айбек Смадияров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989576-syrtqy-ister-ministrligi-oz-ozin-zariyalagan-lxr-men-dxr-dagy-referendumga-qatysty-pikir-bildirdi/