Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәріне қарсымын" бағаны президент сайлауының нәтижесіне әсер ете ме: ОСК пікір білдірді

Опубликовано:

Сайлау
Сайлау бюллетені. Көрнекі фото: sputniknews.kz

Орталық сайлау комитеті бюллетеньдердегі "бәріне қарсымын" деген баған президент сайлауындағы дауыс беруге қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Барлығына қарсы дауыс бергісі келетін адам өз еркін білдіру мүмкіндігіне ие болады, бірақ 50 пайыздан астам дауыс алған үміткер жеңімпаз атанады.

Егер бірінші турда бұлай болмаса, онда екінші рет дауыс беру тағайындалады - онда көп дауыс алған екі кандидат сайлауға қатысуға жіберіледі. Әрине, олардың арасынан жеңімпаз анықталады. Бүгінгі таңда рәсім осындай", - деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.

Журналистер бұл жағдайда "бәріне қарсы" бағанының мәнін түсіндіруді, сондай-ақ егер азаматтардың жартысы қарсы дауыс берсе, не болатынын сұрады.

"Біз құқық қолдану тәжірибесіне жүгінеміз. 2004 жылға дейін мұндай баған болған, бірақ соған қарамастан іс жүзінде бұл жағдай еш жерде қолданылмаған.

Осыған сүйене отырып айтар болсақ, қазір заң шығарушы орган процестің бұл бөлігін реттемеген сияқты. Осы сайлау кезінде мұндай жағдай орын алса, әрине, заң шығарушы орган әрекет етіп, заңнамаға қажетті өзгерістерді енгізеді", - деп түсіндірді Өтемісов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда алдағы сайлауда азаматтар ұсынылған үміткерлердің ешқайсысын таңдағысы келмесе, барлығына қарсы дауыс бере алады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989605-barine-qarsymyn-bagany-prezident-sailauynyn-natizesine-aser-ete-me-osk-pikir-bildirdi/

pixel