2022 жылғы кешенді мақсатты бағдарламаның 95%-ы орындалды
Жарияланған күні:
Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстау аясында жолшылар кешенді мақсатты бағдарламаға (КМБ) сәйкес жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Кешенді мақсатты бағдарлама республикалық трассаларда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Жыл сайын КМБ шеңберінде автожолдарда пайда болған шұңқырларды жөндеу, демалыс алаңдарын қалпына келтіру, жол таңбаларын сызу, жарық диодты шамдарды, панноларды орнату бойынша жұмыстар орындалады. Сонымен қатар, белгіленген жоспарға сәйкес жолшы мамандар катафоттарды, жол буферлерін, сигнал бағаналарын және т. б. орнатады.
Бүгінгі таңда 2022 жылғы кешенді мақсатты бағдарлама 95%-ға орындалып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды толық аяқтау осы жылдың қараша айының ортасына жоспарланып отыр.
Егер нақты айтатын болсақ, КМБ аясында жолшылар республикалық автожолдарда 10 мыңнан астам жол белгілерін, 360-қа жуық панно, 20 мыңға жуық сигнал бағаналарын, 223 жол буферін, 27 мың катафот орнатып, 191 демалыс алаңын жөндеді. Бұдан басқа, 522 мың шаршы метр көлемінде шұңқырларға жөндеу жүргізілді, 26 мың қ.м. қоршау жөнделді.
Естеріңізге сала кетейік, республикалық автожолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінде жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында "ҚазАвтоЖол" ұлттық компанияның әр филиалы қосымша іс-шаралар атқаруда: республикалық трассалардың жанында тұратын үй жануарларының иелеріне жарық шағылыстырғыш ленталар таратылуда, авариялық-қауіпті учаскелерде шу жолақтарының, стробоскоптар және торлы қоршаулардың саны ұлғаюда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989855-2022-zylgy-kesendi-maqsatty-bagdarlamanyn-95-y-oryndaldy/