Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Абай облысы арқылы Қытайға баратын теміржол салынатынын айтты

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Alexander Astafyev\TASS via Getty Images

Абай облысында Қытайға баратын теміржол желісін салу жоспарлануда. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласына жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram арнасы.

Мемлекет басшысы өңірдегі жол мәселесін көтеріп, үкіметке бірқатар тапсырма берді.

"Абай облысы тоғыз жолдың торабында тұр, Ресеймен, Қытаймен шектесіп жатыр. Осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану үшін жолдарымыз сапалы әрі қауіпсіз болуы керек. Еліміздің көлік әлеуетін дамыту үшін Бақты арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл теміржолды міндетті түрде салуымыз керек. Үкімет осы мәселемен айналысады.

Өңірде "құрғақ порт", "логистикалық парк" салып, көлік дәлізін дамыту қажет. Халықаралық маңызы бар күре жол Семей арқылы өтеді. Сондықтан, ең алдымен, қаладағы екі көпірді жөндеу қажет. Биыл мұнда жаңа көпірдің құрылысы басталды. Үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп, оны үш жылда салып бітіруге тиіс. Сондай-ақ, аспалы көпірге күрделі жөндеу жүргізуді тапсырамын", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Семейге жұмыс сапарымен барғанын хабарлаған болатынбыз.

Президент Семей жұртшылығымен кездесуінде өңірді неліктен Абай облысы деп атағанын түсіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990423-prezident-qytaiga-baratyn-temirzol-zelisin-saludy-zosparlap-otyrmyz/

pixel