Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясынан Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды
Жарияланған күні:
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы елімізде алдағы уақытта өтетін кезектен тыс президент сайлауына өз кандидатын ұсынды. Ол – Жигули Дайрабаев, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жигули Дайрабаев – "Атамекен" ҰКП төралқасы агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы және Қазақстан фермерлері қауымдастығының төрағасы.
"Құрметті партияластарым, сенімдеріңізді ақтаймын. Мен бар күш-жігерімді Қазақстан мен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға жұмсаймын", – дейді Дайрабаев.
Қазақстан фермерлері қауымдастығының сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Жигули Молдахалықұлы 1954 жылы 29 қазанда дүниеге келген.
Отбасылы, үш баласы және жеті немересі бар.
Жигули Дайрабаев Алматыдағы Агроөнеркәсіп кешенінің жоғары мектебі – Қазақ ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын Луговой ауданы "Коммунизмге жол" колхозынан бастап, колхоз кәсіподағының төрағасы, кейін Каменка ауылдық атқару комитетінің төрағасы болған.
1995 жылы Т. Рысқұлов ауданының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.
1995 жылдан 1997 жылға дейін "Қорағаты" кеңшарының директоры.
1997 – 2001 жылдары Т. Рысқұлов аудандық статистика басқармасының бастығы.
2001 – 2009 жылдары Шу ауданы "Бірлік" АҚП директоры, Меркі ауданы "Қазексім-Мерке" директоры.
2009 – 2015 жылдары "MOLBAL" ЖШС Бас директоры.
2015 жылдың қазанынан 2019 жылдың 23 желтоқсанына дейін "Қазақстан фермерлер одағы" РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарған.
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның құрметті азаматы.
Еске салайық, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы тұрақты тіркеуі жоқ, бірақ президенттік сайлауға қатысуға ниет білдірген қазақстандықтарға жүгінген болатын.
- Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауы алдында қазақстандықтарға үндеу жасады
- "Бәріне қарсымын" бағаны президент сайлауының нәтижесіне әсер ете ме: ОСК пікір білдірді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990486-ziguli-dairabaev-qazaqstan-prezidenttigine-auyl-partiyasynan-kandidat-bolyp-usynyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.