Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Ербол Ізбергенов
Ербол Ізбергенов. Фото: facebook.com/AktauPress

Ербол Ізбергенов Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің Facebоok-тағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Бүгін, 3 қазанда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарына Нұрдәулет Қилыбайдың орнына жаңа қала әкімінің кандидатурасын ұсынды.

Президент әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат бұрын Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ербол Ізбергенов болды", - деп хабардар етті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Депутаттар Ізбергеновтің кандидатурасын қолдап, оны тәжірибелі басқарушы ретінде білетіндіктерін атап өткен.

Нұрлан Ноғаев өз кезегінде Нұрдәулет Қилыбайға атқарылған жұмысы үшін алғысын білдіріп, Ербол Ізбергеновке Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берген.

Айта кетейік, Ербол Ізбергенов Алматы құрылыс және менеджмент колледжін, Ақтау мемлекеттік университетін және Ресей Федерациясы президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын "Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану", "Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс" және "Әкімшілік іс шебері" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Ақтауда "Маңғыстау мұнай-газ барлау" мекемесінде тас қалаушы болып бастаған.

1994-1996 жылдары "Қаламқасстрой"ЖҚБ тас қалаушысы;

1997 жылы "Каспий Кооперсервис"ЖШС шебері;

1997-2000 жылдары "Альбина"пәтер иелері кооперативінің шебері, учаске бастығы, бас инженері;

2000-2003 жылдары "West Kazakhstan Construction Company"ЖШС техникалық директоры;

2003-2004 жылдары - "Kuat Корпорациясы" акционерлік қоғамының Ақтау филиалының шебері;

2004 жылы - Ақтау қаласы әкімі аппаратының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы;

2004-2005 жылдары Маңғыстау ауылы әкімінің орынбасары;

2005-2007 жылдары-Қызылтөбе ауылдық округінің әкімі;

2007-2011 жылдары Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары;

2012 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің бас сарапшысы;

2012-2013 жылдары-Маңғыстау облысының құрылыс басқармасының басшысы;

2014-2015 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ҚТРМ Ішкі әкімшілендіру басқармасының басшысы;

2015 жылы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Инвестициялық жобалар басқармасының басшысы;

2019 жылдан 2020 жылға дейін "Ақтау теңіз порты "арнайы экономикалық аймағы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;

2020 жылы Ақтау қаласындағы "Атамекен" республикалық кәсіпкерлер палатасының директоры, "Ақтау теңіз порты" АЭА " АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2020 жылғы тамыздан бүгінге дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1990772-aqtau-qalasyna-zana-akimi-tagaiyndaldy/