Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қарағанды облысында автобус өндіретін зауыт жұмысымен танысты

Опубликовано:

Қарағанды облысында өндірілетін автобустар
Қарағанды облысында орналасқан автобус зауыты. Фото: Telegram/БОРТN1

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында автобус және коммерциялық техника өндіретін QazTehna зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі БОРТN1 Telegram арнасында.

Зауытты аралау барысында президентке кәсіпорын жұмысының алғашқы нәтижелері туралы баяндалған.

Айта кетейік, зауыт 2021 жылдан бері жолаушылар тасымалына арналған 347 автобус пен электробус құрастырып шығарған. Биыл жыл соңына дейін қоғамдық көлік желісін жаңарту бағдарламасы аясында өңірлерге 700-ден аса автобус пен электробус жеткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 208 автобус еліміздің тоғыз облысындағы білім беру ұйымдарына жіберілмек.

Зауыт әлемдегі жолаушылар көлігін өндіруші Yutong компаниясымен серіктестік орнатқан. Серіктестік аясында компания қазақстандық зауытқа қажетті технологияны кезең-кезеңімен береді.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде автобустар бөлшегінің 33 пайызы жергілікті материалдардан құрастырылады. Алдағы бес жылда бұл көрсеткішті 50 пайыздан асыру жоспарланып отыр.

Бүгінде зауытта 560 адам жұмыс істейді. Еңбек ұжымының басым бөлігі - Саран қаласының жергілікті тұрғындары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991207-toqaev-qaragandy-oblysynda-avtobus-ondiretin-zauyt-zumysymen-tanysty/

pixel