Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Amanat партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынды

Опубликовано:

Қазақстан президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Amanat партиясының Telegram-дағы арнасы.

Бұл туралы Астанада өтіп жатқан партияның кезектен тыс XXIV Съезінде айтылды.

"Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді Тұлға керек. Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан, Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын!", - деді партия төрағасы Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс XXIV Съезінде сөйлеген сөзінде.

Партия мүшелерінің сөзінен кейін дауыс беру өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын жиналғандардың барлығы қолдады, қалыс қалғандар мен қарсылар болған жоқ.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев партияның XXIV съезінің шешімімен бірауыздан Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды" - деді партияның жауапты хатшысы Асхат Оралов.

Айта кетейік, съезге барлық облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы партиялықтар жиналған. Бүгінгі Съезге жалпы 1200 партияластар қатысуда. Оның 700-і еліміздің түкпір-түкпірінен келген делегат.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар жұртшылығымен кездесуінде қай саяси ұйымнан сайлауға түсуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Президент белгілі бір ұйымнан емес, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік негізін қалыптастыратын қоғамдық-саяси күштердің үлкен коалициясының атынан сайлауға қатысқанды жөн санайтынын жеткізген. Мемлекет басшысының сөзінше, бұл түрлі партиялардан, бірлестіктерден тең арақашықтық сақтау қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991356-amanat-partiyasy-qasym-zomart-toqaevty-prezidenttikke-kandidat-retinde-usyndy/

pixel