Халықтық коалиция Қазақстан президенттігіне Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды
Жарияланған күні:

Халықтық коалиция Қазақстан президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов неліктен бірнеше қоғамдық бірлестіктің бірден осындай шешім қабылдағанын түсіндірді. Оның сөздерін партияның ресми Telegram-арнасы жариялады.
"Біз мемлекет басшысының стратегиялық бағдарын қолдаймыз және оның реформаларын әрі қарай ілгерілетуге күш саламыз. Сондықтан, бүгін Халықтық коалиция президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынады!
Бұл таңдау – еліміздің шынайы патриоттарының, Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын миллиондаған азаматтардың таңдауы!
Ең бастысы, сайлау қарсаңында жетекші саяси күштердің ортақ мақсат жолында жұдырықтай жұмылуы елді жігерлендіреді", – дейді Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияның форумында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Amanat, "Ақ жол" және "Қазақстан халық партиясы" Қазақстан президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/1991462-xalyqtyq-koaliciya-qazaqstan-prezidenttigine-toqaevtyn-kandidaturasyn-usyndy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде