Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанды Астана әуежайында қарсы алуда
Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанды Астана әуежайында қарсы алуда. Фото: t.me/bort_01

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Telegram-дағы БОРТ N1 ресми арнасы.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ердоғанды елорда әуежайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алған.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Түркия президентінің Қазақстанға сапары аясында екі мемлекет басшыларының екіжақты кездесуі, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысы өтеді деп жоспарланған.

Келіссөздер барысында тараптар өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды деп күтілуде.

Сондай-ақ СІМ Режеп Тайип Ердоғанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне де қатысатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992349-erdogan-memlekettik-saparmen-qazaqtanga-keldi-foto-video/

pixel