Сенатор Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады

Опубликовано:

Ақылбек Күрішбаев
Ақылбек Күрішбаев. Фото: Парламент сенатының баспасөз қызметі

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы ресми сайтында хабарлады.

ОСК мәліметінше, парламент сенатының депутаты Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындаған.

"Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес тиісті қаулы қабылданған.

Осылайша, Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып отыр.

Айта кетейік, Ақылбек Күрішбаев парламент сенатына Астана қаласынан сайланған. Сенат депутаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы болып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992450-senator-aqylbek-kurisbaevtyn-okilettigi-toqtatylady/