Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Климаттық дағдарыс әскери қақтығыстарға алып келуі мүмкін": Тоқаев АӨШСК саммитінде экология мәселесін көтерді

Опубликовано:

тасқын
Су тасқыны. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АӨШСК саммитінде экология мәселесіне тоқталып, климаттың өзгеруі қандай зардаптарға әкелуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram-арнасы.

Мемлекет басшысының сөзінше, қазіргі таңда экологиялық өлшемнің маңызы арта түскен.

"Климаттың өзгеруі уақыт өткен сайын болжап білуі қиын, әрі зардабы ауыр табиғат апаттарына алып келеді.

2021 жылы Азияда мұндай жағдайлардан 57 миллион адам зардап шекті. 2050 жылға қарай Азия экономикасына осындай табиғи катаклизмдерден келетін ықтимал залал ЖІӨ-нің 26 пайызына дейін жетуі мүмкін", - дейді президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Пәкістанда болған жойқын су тасқынының зардабын еске сала кетті.

"Осындай қиын кезде бәріміз Пәкістан халқымен және үкіметімен бірге екенімізді тағы да дәлелдедік. Климаттық дағдарыс әскери қақтығыстарға алып келіп, алапат әрі басқаруға келмейтін миграциялық нөпірдің катализаторына айналуы мүмкін", - дейді мемлекет басшысы саммитте сөйлеген сөзінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992496-klimattyq-dagdarys-askeri-qaqtygystarga-alyp-kelui-mumkin-toqaev-aossk-sammitinde-ekologiya-maselesine-toqtaldy/

pixel