Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоған көпшілік алдында Тоқаевты қымбатты бауырым деп атап, қазақ халқына алғыс айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысымен қол алысып амандасуда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған. Фото: Ақорда

Астанада өтіп жатқан АӨШСК VI саммитінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қазақ халқына қонақжайлығы үшін алғысын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қымбатты бауырым, Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, құрметті мемлекет басшылары, мен осы шараға (АӨШСК саммиті – ред. ескертпе) қатысып отырғаныма қуаныштымын. Тоқаев мырзаға және қазақ бауырларға қонақжайлық үшін алғысымды айтамын. Бұл жиын халқымызға пайда әрі игілік әкелсін деп тілеймін", – дейді Режеп Тайып Ердоған.

Айта кетейік, бүгінгі самитте Түркия президенті Украина дағдарысына тоқталып, елінің мақсаты қантөгісті тезірек тоқтату екенін де айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992541-erdogan-kopsilik-aldynda-toqaevty-qymbatty-bauyrym-dep-atap-qazaq-xalqyna-algys-aitty/

pixel