Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоған: Біздің мақсатымыз – қантөгісті тезірек тоқтату

Опубликовано:

Режеп Тайип Ердоған
Режеп Тайип Ердоған. Фото: Telegram/БОРТN1

Астанада өтіп жатқан АӨСШК VI саммитінде Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Украина дағдарысына тоқталып, елінің мақсаты қантөгісті тоқтату екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біз аймақтық және жаһандық ауқымда Украинадағы дағдарыстың зардабын әлі де көріп отырмыз. Мен әрқашан әділетті әлемге дипломатия арқылы қол жеткізуге болатынын айтамын. Соғыста жеңімпаз жоқ, ал әділетті әлемде жеңіліс жоқ.

Екінші жағынан, БҰҰ-мен бірлескен соғыстың жағымсыз салдарын жоюға бағытталған қарқынды күш-жігерімізді бүкіл әлем мойындады. Өткен айда жасалған Қара теңіз арқылы Украина астығын экспорттау және тұтқындарды алмасу туралы Ыстамбұл келісімі - бұл бағыттағы елеулі жетістік.

Біздің мақсатымызқиындықтарға қарамастан осы қарқынды сақтап қалу және қантөгісті тезірек тоқтату", - дейді Режеп Тайип Ердоған.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммиті өтіп жатыр. Шараға Түркия, Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Беларусь, Иран президенттері, сондай-ақ бірқатар елдің министрлері мен өкілдері қатысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1992540-erdogan-bizdin-maqsatymyz-qantogisti-tezirek-toqtatu/

pixel