Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина президентімен кездесті

Опубликовано:

Тоқаев Палестина президентімен
Тоқаев Палестина президентімен. Фото: t.me/ Борт №1

Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президентімен кездесті. Президенттер Қазақстан мен Палестина арасындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты, деп хабарлайды Борт №1 Telegram арнасы.

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.

Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

Палестина президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992587-qasym-zomart-toqaev-palestina-prezidentimen-kezdesti/

pixel