Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Алматы облысының неліктен екіге бөлінгенін түсіндірді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысында сөз сөйлеуде. 20 қазан 2022 жыл
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Жетісу облысына жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың неліктен екіге бөлінгенін айтты. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram арнасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұрынғы Алматы облысының жер көлемі тіпті үлкен болды. Біз жергілікті басқару ісін жетілдіру үшін облысты екіге бөлдік. Бұл – мұқият ойланып жасалған қадам. Себебі, бұл, ең алдымен, тұрғындар үшін қолайлы екені анық.

Қазір Жетісудың әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыруға бюджеттен қаржы бөлініп, қолдау көрсетіліп жатыр.

Бұл шешім аймаққа инвестиция тартуға, инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді. Біздің басты мақсатымыз да – осы", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993544-toqaev-almaty-oblysynyn-nelikten-ekige-bolingenin-tusindirdi/

pixel