Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысының бас полицейі тағайындалды

Опубликовано:

Қайыркен Әлиев
Қайыркен Әлиев. Фото: Қарағанды облыстық полиция департаментінің ресми сайты

Ұлытау облысы полиция департаментінің басшысы болып Қайыркен Әлиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның мәліметінше, Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ұлытау өңіріне жұмыс сапары кезінде Жезқазған тұрғындарымен кездесіп, жиналған жұртқа облыстық полиция департаментінің бастығын таныстырған.

"Президент әкімшілігінің келісуімен, Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция департаменті бастығы лауазымына полиция полковнигі Қайыркен Жетпісбайұлы Әлиев тағайындалды. Ішкі істер органдарында 22 жылдан астам әр түрлі жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс атқарған. Енді сол жинаған тәжірибесі мен қабілеті арқасында өңірдегі қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етеді деп сенемін", – дейді Марат Ахметжанов.

Айта кетейік, Қайыркен Әлиев Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының тумасы. Екі жоғары білімі бар. 2000 жылдан бастап Ішкі істер органдарында жұмыс істейді.

Жаңа лауазымына дейін Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993680-ulytau-oblysynyn-bas-policeii-tagaiyndaldy/