jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Республика күніне орай жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсырды

    Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсімі
    Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсімі. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсырды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    Мемлекет басшысының жарылығымен:

    • полиция генерал-полковнигі арнаулы атағы - Ахметжанов Марат Мұратұлына;
    • генерал-лейтенант әскери атағы - Таласов Мұхамеджан Қадіржанұлына;
    • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-лейтенанты арнаулы атағы - Бектенов Олжас Абайұлына;
    • полиция генерал-лейтенанты арнаулы атағы - Сөнтаев Қайрат Имятұлына;
    • генерал-майор әскери атағы - Базарбаев Қуанар Бекенұлына, Қабақов Нұртас Дәулетұлына;
    • ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы - Алтынбаев Әли Сапарғалиұлына, Құнанбаев Берік Садықұлына;
    • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы - Омарбеков Айтқұрман Жоламанұлына;
    • сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры арнаулы атағы - Сүлейменов Қанат Тұрсымбайұлына;
    • экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы - Бижанов Қайрат Жақиянұлына;
    • полиция генерал-майоры арнаулы атағы - Скляр Василий Васильевичке;
    • азаматтық қорғау генерал-майоры арнаулы атағы - Дербісов Нұрболат Бекболатұлына;
    • 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені - Майлыбаев Айдос Серікханұлына, Нұрлыбай Сәбитке берілді.

    Президенттің сөзінше, әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер Республика күніне орай алғаш рет тапсырылып отыр.

    "Бұл өте орынды деп санаймын. Біз – ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел қорғаған батырлар еліміз. Ерлеріміз жер шетіне жау тимесін деп әрқашан бес қаруын сай ұстаған. Ел басына күн туса, ту түбінен табылған. Сіздер сол бабалар жолын лайықты жалғастырып келесіздер. Егемендіктің бүкіл қадір-қасиеті – жердің тұтастығында және елдің тыныштығында. Осы асыл құндылықтарды өздеріңіз қас қақпай күзетіп тұрсыздар. Айбынды армиямыз және басқа да қауіпсіздік құрылымдары – мемлекетіміздің берік қалқаны", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мемелекет басшысының жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру салтанатында сөйлеген сөзінің толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

    Тоқаев Республика күніне орай жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.