Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде боранда жолда қалғандар үшін 125 жылыту бекеті іске қосылмақ

Опубликовано:

қарда жүру
Фото: pixabay

Ұлан-ғайыр қазақ даласының әр өңірінің өзіне тән ерекшелігі мен мінезі бар, бір облысында жауын жауып, көк тайғақ болса, бірінде қарлы боран бұрқап тұрады. Қай жағдайда да жолшылар үшін пайдалушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы бірінші кезекте болмақ.

Осы орайда, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында ақтүтек боран күндері жол пайдаланушыларының діттеген жерлеріне аман-есен жетулері үшін жағдай жасалып жатыр. Көлік ағыны көп күре жолдардың бойы қардан аршылғанша, жол пайдаланушылардың және кезек алмасқан жолшылардың тоңып қалмауы үшін елімізде 125 жылыту бекеті жөндеуден өткізіліп, іске қосылуда.

Жолшылардың аталмыш жылыту бекеттері арнайы төсек орындары, асханамен және санитарлық тораптармен жабдықталған.

Өкінішке қарай, жылдан жылға дауылды ескертулер мен жол жүру шектеулеріне қарамастан жолға шығатын пайдаланушылар саны азаймай тұр, ал олардың басым бөлігі қыс мезгілінде қар құрсауында қалып қойып жатады.

Тек өткен қыста өзінде, жолшылардың күшімен 720 автокөлік қар құрсауынан босатылып, оның ішінде төрт жүзге жуығы "ҚазАвтоЖолдың" жылы бокстарына жеткізілсе, 2000 астам адам жылыту бекеттеріне орналастырылды.

Құрметті пайдаланушылар, "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ сіздерден жолда сақ болуларыңызды, бекітілген жылдамдық және жол жүру шектеулерін қатаң сақтауларыңызды сұрайды, ал штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде сіздер әрқашан 1403 бірыңғай колл орталығына қоңырау шала алатындарыңызды естеріңізге саламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1994766-elde-boranda-zolda-qalgandar-usin-125-zylytu-beketi-iske-qosylmaq/

pixel