Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақмыс" Ұлытау облысын дамытуға 35 млрд теңге бөледі

Опубликовано:

Берік Әбдіғалиұлы және Эдуард Огай
Фото: Kazakhmys Holding

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» Тобы арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – Жезқазған қаласының инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру бойынша тараптардың өзара қолдауы мен белсенді ынтымақтастығын қамтамасыз ету.

Қол қойылған меморандумға сәйкес «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС қызметі Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданында жалпы сомасы 35 млрд теңгеге 22 жобаны іске асыру жолымен әлеуметтік тұрақтылықты күшейтуге бағытталатын болады. Меморандум аясында жақын жылдары Жезқазған қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, музыкалық драма театры мен балабақша сынды әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар салынады.

Эдуард Огай
Фото: Kazakhmys Holding

Сәтбаев қаласы халқының денсаулығын қолдау мақсатында компания мұнда емхана мен жарақат пунктін салады.

Бұдан басқа, «Қазақмыс» мемлекеттік техникалық университеттің ашылуына және Ұлытау ауданында Мемлекеттік рәміздер алаңының құрылысына қатысады. Компания есебінен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған екі ғимарат (күндіз қабылдау орталықтары үшін) сатып алынады.

Берік Әбдіғалиұлы
Фото: Kazakhmys Holding

Сондай-ақ, шаруашылық суының көтергіш сорғы станциясына жөндеу жүргізу жоспарлануда. «Қазақмыстың» қолдауымен Жезқазғандағы Кеңгір су қоймасы жағалауын абаттандыруға арналған эскиздік жоба әзірленеді, Тасбұлақ, Күмісбұлақ және Әулиетау тауларының бұлақтарын абаттандыруға арналған эскиздік жоба дайындалып, абаттандырылады.

Берік Әбдіғалиұлы және Эдуард Огай меморандумға қол қойды
Фото: Kazakhmys Holding

Сонымен қатар, меморандумда Қазақмыс қатысатын басқа да жобалар көрсетілген. Осылайша, компания Жезқазған қаласында 320 орындық балабақшаның құрылысын аяқтайды, Сәтбаев қаласында бірқатар нысандарды қайта құру және абаттандыру бойынша эскиздік жобалар дайындайды.

Kazakhmys Holding
Фото: Kazakhmys Holding

Тұрғын үй саласындағы мәселелердің әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, компания Жезқазған қаласындағы ұзаққа созылған құрылыс нысандарын аяқтайды.

Осы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою тараптарға өзара іс-қимылды жаңа сапалық кезеңге шығаруға мүмкіндік береді және өңір халқының әл-ауқатының деңгейін арттыру негізгі басымдық болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1995387-qazaqmys-ulytau-oblysyn-damytuga-35-mlrd-tenge-boledi/

pixel