Семей қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Данияр Шәкәрімов
Данияр Шәкәрімов. Фото: Семей қаласы әкімдігінің ресми сайты

Абай облысы әкімінің келісімімен, Семей қаласы әкімінің орынбасары болып Шәкәрімов Данияр Қаиырханұлы тағайындалды. Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі ресми сайтында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Данияр Шәкәрімов 1981 жылы Аягөз қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2000 жылы Семей қаласының наркологиялық диспансерінде есепші болып бастаған.

2004 – 2013 жылдары еліміздің кедендік бақылау агенттігінің ШҚО кедендік бақылау департаментінде, 2013 – 2014 жылдары Өскемен қаласындағы кедендік тексеріс бөлімінде қызметтер атқарған.

2014 – 2016 жылдары ШҚО мемлекеттік кіріс департаментінің бас маманы;

2016 – 2018 жылдары Жезқазған қаласы KAZTYRE ЖШС-нің мемлекеттік сатып алу бойынша маманы;

2018 – 2019 жылдары Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары;

2019 – 2021 жылдары Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болған.

2022 жылдың мамыр айынан бастап жаңа қызметіне дейін Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1995452-semei-qalasy-akiminin-orynbasary-tagaiyndaldy/