Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура: Экс-қорғаныс министрі Бектановтың ісі сотта қаралып жатыр

Опубликовано:

Мұрат Бектанов
Мұрат Бектанов. Фото: Қорғаныс министрлігінің ресми сайтынан алынды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратура өкілі бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты іс қай сатыда екенін айтты. Экс-министр қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі уақытта сотта бұрынғы Қорғаныс министрі Бектанов Мұратты айыптау бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр. Алматы қаласы, Алматы, Қызылорда облыстары ҰҚК департаменттерінің бұрынғы басшыларына және Алматы облысы полиция департаментінің және Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бұрынғы басшыларына қатысты істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысу рәсімі жүріп жатыр", – деді Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.

Еске салайық, Бектанов Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшысы болып жарты жылдан аз уақыт жұмыс істеген. Қаңтар оқиғасынан кейін ол қызметінен шеттетілді. Келесі күні, яғни 20 қаңтарда Бектанов ұсталып, изоляторға қамалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1996088-bas-prokuratura-eks-qorganys-ministri-bektanovtyn-isi-sotta-qaralyp-zatyr/

pixel