Нұрлан Әуесбаев: Қазақстанға олигархиялық капитализмнің орнына халықтық экономика керек
Жарияланған күні:
Қазақстан президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаевтың штабы Қазақстанға олигархиялық капитализмнің орнына халықтық экономика керек екенін алға тартты. Штабтың және Нұрлан Әуесбаевтың ұсыныстарының толық мәтінін назарға ұсынамыз.
"Санаулы күннен соң барша қазақстандықтар кезектен тыс президент сайлауында дауыс беріп, өз таңдауын жасайды. Бұл таңдау мемлекеттің даму, алға жылжу саясатын айқындайды.
Қазіргі күні Қазақстандағы экономикалық жағдай көңіл көншітпейді. Инфляция мен баға өсімі, сондай-ақ ұлттық валюта бағамының әркез төмендеуі – қатардағы қазақстандықтардың қалтасына ауыр тиіп жатыр. Сол себепті менің сайлауалды бағдарламамның алғашқы тармағы саяси реформаларға арналды. Мемлекет пен экономиканы әділ басқаруды қалыптастыру үшін, ең алдымен, саяси жүйемізді өзгертуге тиіспіз.
Қазақстанның қазіргі үкіметінің қолға алып жатқан әр бастамасы елдегі инфляцияны күшейтіп, халықтың кедейлене түсуіне әкеліп жатыр. Әрі қазіргі билік жиі айтатын "күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" формуласы өзінің тиімділігін көрсетіп отырған жоқ. Бұл формулада бірінші кезекте кәсіби, дағдарысқа қарсы үкіметті құратын бір палаталы парламент мықты болуы керек. Сонымен қатар Мәжілістің 50 пайызы өздерін қолдаған халық алдында жауапты болатын өзін-өзі ұсынушылардан құралуға тиіс. Қос палаталы болғанымен парламент ықпалды емес. Сондықтан Сенатты таратып, Мәжілісті заң шығаратын жалғыз билік органы болып қалуына қолжеткіземіз. Әр пікірдің ескерілуі үшін депутаттардың саны қысқартырады. Осылайша, сан қумай, сапалы парламент құрамыз.
Кезек күттірмейтін тағы бір өзекті мәселе – экономикаға тұсау болып отырған жемқорлық. Бұл жағымсыз құбылысты жою үшін парақорларға қатысты жазаны барынша күшейтуді ұсындым. Сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын босату құқығынан айыру қажет. Жемқорлықпен күресу үшін алдымен бюджет қаражатының бөлінуіне қатысты халықтық бақылау орнатылуға тиіс. Ол үшін тағы да айтам, Қазақстанға олигархтардың емес, халықтың түрлі топтарының қызығушылықтарын қорғайтын күшті бір палаталы парламент қажет.
Авториарлық жүйенің нәтижесіне елде бенефициарлары қайта өңдеу салаларын дамытуға мүдделі емес корпоративтік, олигархиялық экономика қалыптасты. Соның салдарынан жекелеген адамдар ғана байып, миллиондаған адам кедейшілік жағдайында өмір сүріп жатыр. Бұл ретте, егжей-тегжей тергеу жүргізіп, ұрланған және оффшорларға шығарылғанның бәрін елге қайтару қажет. Қазір Ұлттық қордың үшеуіне тең келетін байлық шетелде жатыр. Бұл қаржы - бар қазақтың несібесі. Ұрпағымыз игілігін көруі тиіс болған көптеген ірі кәсіпорындар күлкілі сомаға бағаланып, жекеменшікке өтіп кетті. Мұндай компаниялардың акцияларын халыққа өткізу туралы сайлауалды бағдарламамда айқындалды. Оған IPO арқылы қол жеткізуге болады. Бұл активтерді ұлттық экономиканың жаңа негізіне айналуға тиіс орта бизнес өкілдері арасында бөлу керек деп есептеймін. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда олигархиялық капитализмнің орнына халықтық экономика орнауы керек.
Саяси реформамен қатар, әлеуметтің әлеуетін көтеруге ерекше көңіл бөлу қажет. Әсіресе білім беру мен медицина саласы мемлекет тарапынан айрықша назарды талап етеді. Медицина және білім беру салаларына ЖІӨ-ден жылына ең кемі 5-7%-ды бөлуді ұсындым. Мұндай шара дәрігерлер мен мұғалімдер еңбекақысының банк қызметкерлері деңгейіне дейін көтеруге мүмкіндік береді. Осы екі саланың мамандары адами капиталдың сапасына жауап береді, ал бұл өз кезегінде отандық экономиканы дамыту үшін негізгі талап болып саналады.
Сонымен бірге елдің тұрғын үй саясатын толықтай қайта қарастырамыз. Қолданыстағы бағдарламалар жекелеген құрылыс компанияларының қалтасына жұмыс істеп жатыр. Ал баспана бағасын реттеуге келгенде Үкімет қауқарсыз. Қолжетімді ипотекаларды субсидиялауды жалғастырамыз, бірақ олардың шарты өзгереді. Жергілікті бюджеттен қаржыландырып, ал мәслихаттар әр тиынның есебін қадағалап отырады. Сонымен қатар қала құрылысы шешімдері саласындағы солақай саясаттың салдарынан мектеп, балабақшалар мен медициналық мекемелердің тапшылығы туындап жатыр. Мұның бәрі өсе келе әлеуметтік шиеленіске әкелуі мүмкін. Сол себепті құрылыс саласын лоббистерден тазартамыз.
Қазір сайлауалды үгіт насихат жұмысымен ел аралап, азаматтарымыздың аманатын тыңдап жүрмін. Бір анығы, халық өзгересті күтіп отыр.
Мен, Нұрлан Әуесбаев бұл сайлауға елді өзгеріске бастау үшін қатысып жатырмын.
Халық билігі мен еркін қоғам үшін!".
Әзірлеуші: ҚР Президенттігіне кандидат Н.С. Әуесбаев штабы
Мекенжай: Қабанбай батыр 5/1
Тапсырыс беруші: Н.С. Әуесбаев
ҚР Президенттігіне кандидат Н.С. Әуесбаев сайлау қоры есебінен төленді
*Бұл ақпаратты кез келген БАҚ-та кез келген түрде көшіруге, жариялауға, қайта басып шығаруға, көбейтуге және/немесе таратуға тыйым салынады (веб-сайтта, БАҚ-тың әлеуметтік желілердегі, әлеуметтік және блог-платформалардағы аккаунттарында, мессенджерлерде жариялау және қайта жариялау); сондай-ақ бұл ақпаратты кез келген әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жалпыға ортақ және жеке аккаунттарда таратуға және репост жасауға тыйым салынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1996590-nurlan-auesbaev-qazaqstanga-oligarxiyalyq-kapitalizmnin-ornyna-xalyqtyq-ekonomika-kerek/