Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Әуесбаев Қоғамдық күштер коалициясын сынға алды

Опубликовано:

Нұрлан Әуесбаев
Нұрлан Әуесбаев. Фото: ЖСДП баспасөз қызметі

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан ҚР президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Ақмол ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

Кездесу жергілікті Мәдениет үйінде өтті. Жиналған қауымды сайлауалды бағдарламасымен таныстырған Нұрлан Әуесбаев мемлекет алдында тұрған басты мәселе – жемқорлықпен күрес екенін атап өтті. Үміткердің пікірінше, ол үшін ең алдымен саяси реформаларды жүзеге асыру керек және ең алдымен мәжілістің рөлін күшейту керек.

Жалпы, Ақмолдағы басты мәселелердің бірі – дамыған әлеуметтік инфрақұрылымның жоқтығы. Атап айтқанда, ауылда оқушы орны тапшылығы байқалады. Ақмолдағы бала саны ескі мектептегі орын санынан әлдеқайда көп. Сонымен қатар тұрғындар балабақша салуды сұрайды.

Бұл ретте Нұрлан Әуесбаев өзінің сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлінгенін атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1996780-nurlan-auesbaev-qogamdyq-kuster-koaliciyasyn-synga-aldy/

pixel